Президент Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады
Президент Шавкат Мирзиёев Париж Олимпиадасында өз салмақ дәрежесінде алтын медаль алған, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған таэквондошы Ұлықбек Рашитов және боксшы Хасанбой Дусматовпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы спортшыларды жылы лебізімен құттықтап, ұлттық құраманың бір күнде екі Олимпиада алтынын жеңіп алуы Өзбекстан спорты үшін тарихи оқиға болғанын зор қуанышпен атап өтті. Жігіттеріміздің батыл да сенімді өнер көрсетулері, жоғары шеберлігі мен батырлығы нағыз қаһармандық үлгісі болғанын, Жаңа Өзбекстан жастарының қандай қабілетті екенін көрсетіп, халқымызға зор күш пен мақтаныш сыйлағанын жеткізді. Спортшылардың бапкерлері, ата-анасы, туған-туыстарына алғысын білдірді.

Ұлықбек Рашитов пен Хасанбой Дусматов ерекше ілтипат пен жоғары сенім, спортшыларға барлық жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдіріп, осы жеңістерін Жаңа Өзбекстанға арнайтындарын жеткізді.

ӨзА