3 тамыз күні Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен бейнеконференциялы өтуде. Мемлекет басшысы жиынды аша отырып, пандемияны жеңу жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Бүкіл әлемде пандемия кезінде коронавирус диагнозы қойылған 200 миллион науқастың 4,2 миллионы қайтыс болды. Біздің елде ауру деңгейі маусым мен шілденің екінші жартысынан бастап күрт өсіп, күніне орташа есеппен 750-800 жаңа жағдай және 450-500 пневмония тіркелуде.
Бүгінде 10 мыңға жуық науқас ауруханаға ем қабылдауда, 3 мыңға жуығы үй жағдайында емделуде, 2400 ауыр жағдайда болса, 890 науқас өте ауыр хәлде.
Біз пандемиядан мүмкіндігінше шығындарсыз өтіп және одан әргі толқындардың алдын алу үшін адамдардың 3 маңызды шартқа бағынуы талап етіледі.
Біріншіден, вирустан қорғанудың және оны жеңудің ең маңызды шарты – бұл әрине, вакцинация. Қаншалықты қиын болмасын, біз осы мақсатта 4 түрлі вакцинаның 13 миллион дозасын әкелдік. Тұрғындар оның қай түрін салғызады оны өзі таңдайды.
- Сол себепті вакцинацияны кеңінен енгізу үшін арнайы заңға қол қойдым. Бұл заң жұмыс берушілерге екпеден бас тартатын қызметкерлерді жұмыс орнына кіргізбеу құқықын береді », - деді Мемлекет басшысы.