Президент Шавкат Мирзиёев 18 қарашада Олимпиада қалашығының құрылысымен танысты.
2025 жылы Өзбекстанда жастар арасында Азия және Пара Азия ойындары өтетіні белгілі. Сондықтан Олимпиада қалашығында бұл жарыстар бағдарламасына енген барлық спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалады. Оның ауданы 100 гектар. Негізгі нысандар: 10 мың орындық стадион және 2 мың жанкүйерге арналған велодром, су спорт сарайы, жеке және командалық спорт кешендері бар.
Сондай-ақ, 4 қабатты әкімшілік ғимарат, 15 ашық спорт алаңы, жүгіру жолдары, саябақтар салынады. Жалпы, қалашық аумағының 54 пайызы жасыл желекке айналады. Ол үшін 37 гектар жерде жасанды көлдер құрылады.
Жоба 70 елде спорт нысандарын салған қытайлық «CAMC Engineering» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Бір жыл бұрын, 9 қарашада Мемлекет басшысы осы қалашық құрылысының ірге тасын қалаған болатын. Бүгінде негізгі ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары аяқталды. 5 кешеннің құрылысы қалпына келтіріліп, көтерілді. Құрылысқа мыңға жуық жұмысшылар мен инженерлер, арнайы техника жұмылдырылған.
Мемлекет басшысы қалашықты пайдалануға шетелдік тәжірибені енгізу, қауіпсіздік шараларын қабылдау және көркейтуді арттыру жөнінде тапсырмалар берді.
– Азиа ойындарынан кейін кешендер қаңырап босап қалмай, халқымызға қызмет етуі керек. Мұнда жаттығумен қатар спорттық білім, ғылым, медицина да болуы керек. Яғни, бұл жер еліміздің спортының ғылыми-тәжірибелік, оқу-жаттығу орталығы болады, – деді Шавкат Мирзиёев.
Кейін бұл жерде Жастар саясаты және спорт министрлігі, спорт федерациялары, Өзбекстанның Мемлекеттік спорт академиясы және т.б. өз қызметін жолға қояды. Алаңдарда ел тұрғындары да спортпен шұғылданатын болады.
– Балалар спорт мектептері болашақта осы қалашықпен байланысты болуы керек. Бұл – бұқаралық спорттан кәсіби спортқа көпір», – деді Президент.
Қалашықта Паралимпиада ойындары да өтетін болғандықтан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жолдар мен бөлек секторлар ұйымдастырылады.
Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша кешенде жаңартылатын энергия көздері де қолданылады. Жылдық қуаты 10 мегаватт күн батареялары 56 мың шаршы метрге орнатылады.
Ташкент қаласы бойынша өткен жылы ұсынылған инвестициялық бағдарламаға сәйкес биыл іске қосылған жобалар туралы ақпарат берілді. Биылғы жылдың өткен кезеңінде өндіріс пен қызмет көрсету салаларында 360 жоба жүзеге асырылып, жалпы 20 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ «Янг хаёт» ауданында 650 гектар аумақта жаңа буынды индустриялық аймақ құру жоспарлануда.