Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Наманганның жаңа жобасымен танысты
19:14 / 2021-09-27

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Наманган облысына жасаған сапары барысында, «Жаңа Наманган» қалашығының жобасымен танысты.

Бұл жобаға 1371 гектар жер бөлінген болып, онда 410 көпқабатты үй, 7 мектеп, 4 балабақша, сондай-ақ көптеген инфрақұрылымдық нысандар салу жоспарлануда.

Бұл мәселе бойынша жұмыс қазірдің өзінде басталды, ал «Юксалиш» махалласындағы құрылыс жұмыстары - оның бірінші кезеңі еді. 2018-2021 жылдарғы кезең аясында 71 көпқабатты үй салынды.

Жобаның екінші кезеңі 2022-2024 жылдарға жоспарланған. Осы бойынша жоспарды Studio Vertebra түрік компаниясы жасаған.

Мемлекет басшысына бас жоспар туралы ақпарат берілді. Онда, екінші кезеңде 30 мың пәтерлі 16 және 24 қабатты үйлер, мектеп пен балабақшалар, аурухана, спорт кешендері, мешіт, кітапхана, IT-парк, қонақ үй, бизнес орталық, сауда және қызмет көрсету нысандары салынатын болады.

Сонымен қатар, 95 гектар жерге «Жаңа Өзбекстан саябағы» салынбақ.

Шавкат Мирзиёев дәл осы саябақ жобасымен де танысты. 2022 жылы аяқталатын кешен аумағында гүлзар, жасанды көл, субұрқақтар, 1500 орындық амфитеатр, автотұрақ пен дүкендер болады.

2024-2026 жылдарға арналған жобаның үшінші кезеңінде, бұл «ақылды» қалашық тұрғындарының өз аумағында орнынды өмір сүруіне, жұмыс істеуіне және демалуына барлық жағдайды жасалады. Нәтижесінде 2026 жылға қарай Наманган миллион тұрғыны бар ірі қалаға айналады.