Президент Наманган теміржол вокзалына барып, ондағы жұмыстармен танысты
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Наманган облысына жасаған сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып кетті
Президент Шавкат Мирзияев Наманган облысына жасаған сапары аясында ондағы теміржол станциясында орындалған құрылыс және қайта құру жұмыстарымен танысты.
Жергілікті азаматтар мен шетелдік туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қайта жөндеуден өткен теміржол вокзалы «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамының және Ұлттық банктің несиелік қаражатын пайдалнып 24 миллиард сумдық құрылыс жұмыстары атқарылған.
Мұнда күту және жайлы залдар, асхана, медициналық пункт, ана мен балаға арналға бөлме, электрондық деректер орталығы, кітапхана, ұлттық сыйлықтар мен газет-журнал дүкендері, тауарларды уақытша сақтау сынды арнайы бөлек кабинеттер бар болып, бір сөзбен айтқанда кешен заманауи стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған. Бұдан бөлек отыз үш орынды қонақүйдің құрылысы да аяқталды.
Осы жұмыстың нәтижесінде Наманган теміржол вокзалы заманауи келбетке ие болып, бір уақытта 250 жолаушыға және тәулік бойы 2,5 мың жолаушыға қызмет көрсете алатын мүмкіндікке ие болды. Станция Ферғана алқабының аңғарлы және елдің басқа да аймақтарымен көліктік байланысының маңызды бөлігі болып табылады.
Сонымен Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Наманган облысына жасаған сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып кетті.



