Президент мемлекеттік бюджеттің орындалуын қадағалау және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жиын өткізді
Өзбекстан кәсіпкерлікпен айналысу оңай болған елдер арасында 7 орынға жоғарылап 69-шы орынға тұрақтаған
7 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік бюджетке түсімдердің болжамын іске асыруды қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті және шағын бизнесті одан әрі дамытудың қосымша мүмкіндіктерін айқындау жөніндегі шаралардың тиімділігіне арналған видеоселекторлы жиын өткізді.
Қазіргі күнде Өзбекстан саясатының көңіл аударып жатқан басым саланың бірі осы кәсіпкерлік және шағын бизнесті дамыту болып, Ел басшысының тікелей бастамасымен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында азаматтарға банктерден жылдық мөлшерлемесі төмен несиелер беріліп жатыр. Осындай жұмыстардың жақсы жолға қойылғандығын Дүниежүзілік банктің жасаған 190 мемлекеттің тізімінде Өзбекстан кәсіпкерлікпен айналысу оңай болған елдер арасында 7 орынға жоғарылап 69-шы орынға тұрақтаған. Ал, жаңа кәсіпорын ашу қолайлығы жағынан әлемде 8-ші орынға жайғасты.
Бүгінгі өткен жиында, келесі жылдан бастап әлемдік елдердің кәсіпкерлікпен айналысу рейтингіндегі Өзбекстанның мүмкіндіктерін арттырып жоғары орынға көтеру үшін барлық қолайлықтарды жасау жайында сөз болып, кәсіпкерлердің өз жұмысын оңайлату үшін алдағы жылы Мемлекеттік кеден комитеті экспорт-импорт операциялары үшін керекті құжжаттарды «Халыққа қызмет көрсету» кеден ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта алуын жолға қоятын болады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толықтай нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.