Президент мектебінің келесі корпусы Нүкіс қаласында ашылды
Өзбекстандағы Президент мектебінің ең алғашқы корпусы Ташкентте Мемлекет басшысы қатысуымен ашылған болатын
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 10 қыркүйек күні Ташкенттегі Президент мектебінің ең алғашқы корпусын ашып берген болатын.
Бұл сынды мектептер оқыту методикасы әлемдік стандарттарға сай мамандандырылған болып, мұндай мектептер республика аумағында барлық облыстарда өз корпустарын салу жоспарланған. Өткен аптада Наманганда екінші Президент мектебі ашлылсаміне енді Қарақалпақстан аумағы Нүкіс қаласында пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына қатысқан Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің Төрағасы М.Ерниязов, Өзбекстан Республикасы Халық ағарту министрі Ш.Шерматов және Өзбекстан жастар одағы Орталық кеңесінің төрағасы А.Сайдуллаев сынды тұлғалар оқушыларды мектеп ашылуы мен құттықтап олардың алдағы оқуларына табыстар тіледі.











