Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент: Мұса Ерниязов батыр халықтың қаһарман қолбасшысы еді
21:17 / 2020-08-01

Нүкіс қаласында Өзбекстан Қаһарманы Мұса Ерниязовтың қайтыс болуына байланысты соңғы сапарға шығарып салғаннан соң көңіл айту рәсімі өтті


Нүкіс қаласында Өзбекстан Қаһарманы Мұса Ерниязовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту рәсімі өтіп, онда Президент Шавкат Мирзияев марқұмның отбасы мүшелеріне және халқымызға көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Мұса Ерниязовтың 50 жылға жуық қызметі барысында үлкен көшбасшылық пен адами қарапайым мінезімен үлкен құрметке ие болғаны, Қарақалпақстанның экономикалық әлеуетін көтеру, қалалар мен ауылдарды көркейту, халықтың өмірін жақсарту жолында аянбай еңбек еткенін атап өтті.

- Қарақалпақ аспаны астында, қасіретті Арал аймағында өмір сүріп еңбек ету - нағыз ерлік. Мұса Ерниязов дәл осындай батыр халықтың қаһарман қолбасшысы еді. Бұл оның 18 жыл бойы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы ретінде өте жауапты және абыройлы қызмет атқарғандығының дәлелі. Жаратқанның өзі Мұса ағаны осындай қасиетті Құрбан айт пен жұма күнінде өз рақметіне алғанының өзінде бір хикмет бар. Баршамыз үшін қадірлі болған бұл азамат артында жақсы естеліктер мен өшпестей із қалдырды. «Ел үшін жан қию – өлім емес, әсілінде қайта өмірге келу» дейді ұлылар. Мұса Ерниязовтың есімі мен оның жарқын бейнесі бүгінде қайта туып, тарих беттеріне мәңгі сақталуда, - деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенат мүшелері, Заң шығару палатасының депутаттары, Президент Әкімшілігінің және Министрлер Кабинетінің өкілдері, Қарақалпақстан Республикасы «Жўқорғи Кенгеси» депутаттары, Министрлер Кеңесінің мүшелері және қалың жұртшылық марқұмның құрметіне бас иіп, суреті астына гүл шоқтарын қойды.