Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент кәсіпкерлермен ашық диалогта қызмет көрсету саласы жайлы айтты
15:15 / 2021-08-20

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев отандық кәсіпкерлермен ашық диалогты кездесу барысында қызмет көрсету саласына тоқталды.

-Қысқа мерзімде жаңа жұмыс орындарын ашатын бағыттардың бірі - қызмет көрсету саласы. Пандемия жалғасуда және біз бәріміз бұл қызмет көрсету секторының әсіресе қоғамдық тамақтану және туризм кәсіпорындары үшін қаншалықты қиын екенін ккөріп тұрмыз, - деді Мемлекет басшысы. 

Осыған байланысты, жеңілдіктерді ұзарту үшін өткен жылы қоғамдық тамақтану және туризм кәсіпорындарынан 300 -ден астам өтініш келіп түсті. Сондықтан жыл соңына дейін барлығы 13 мың қоғамдық тамақтану мекемесі жер мен мүлік салығынан босатылады.

Бұл мүмкіндік оларға қосымша 30 млрд көмек дегені. Олардың басқа салықтардан 35 миллиард сум қарызы осы жылдың соңына дейін ұзартылады, ал несиені қайтару кешіктіріледі.

- Сонымен қатар туристік фирмалар мен қонақүйлерді туристік төлемнен екі жылға босату туралы не ойлайсыз? Бұл қазіргі қиын жағдайда табысы азайған 2 мың кәсіпкерге 150 млрд сум қаржы қалуына мүмкіндік береді, - деді Президент

Кәсіпкерлермен ашық диалог кездесуі жалғасуда.