Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент кеден жүйесін одан әрі реформалау жөнінде кеңес өткізді
21:35 / 2022-02-17

17 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев кеден жүйесін одан әрі реформалау және оны сыбайлас жемқорлықтан азат секторға айналдыру жөнінде кеңес өткізді.

Кеден жүйесі – мемлекет пен әлемдік экономика арасындағы маңызды буын. Бұл жүйе дұрыс әрі ашық жұмыс істемесе, кәсіпкерлік пен инвестицияға кедергі болады.

Сондықтан 2019 жылы кедендік әкімшілігі реформаланып, рәсімдер жеңілдетілді. Атап айтқанда, кеден бекеттерінде жеңілдетілген дәліздер енгізілді. Бүгінде олар арқылы жолаушылардың 95 пайызы, жүктің 75 пайызы өтеді. Бұған дейін 12 кеңседен алынған рұқсаттың 60 түрі «бір терезе» арқылы электронды түрге көшірілген болатын. Нәтижесінде кедендік рәсімдеу уақыты 10 есеге қысқарды.

2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясында экспортты 30 миллиард долларға, шетелдік туристер санын 7 миллионға жеткізу көзделген. Бұл кеден саласына ерекше жауапкершілік жүктейді.

Осыған орай бүгінгі жиында кеден жүйесін дамыту, ең алдымен, посттардағы жағдайды жақсарту жайы сөз болды.

– Кеден бекеттері – мемлекетіміздің бет-бейнесі, алғашқы әсер осы жерден басталады. Олар гүлденген, тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы болуы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Шекара бекеттеріндегі инфрақұрылымды жақсарту, атырабын абаттандыру, кейбір бекеттер ғимаратын қайта жаңғырту, бекеттерге апаратын жолдарды жөндеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы кеден жүйесін сыбайлас жемқорлықтан арылту бірінші кезектегі міндет екенін, бұл сала басқа мемлекеттік органдарға үлгі болуы керектігін қадап айтты.

Ол үшін заманауи комплеанс жүйесі енгізіледі. Осы жылдың 1 мамырынан бастап жүк декларациясын тіркеу лауазымдардан алынып, кәсіпкермен тікелей байланыссыз, қашықтан жүргізілетін болады. 1 шілдеден бастап тауарлардың коды мен құнын анықтау, кедендік ресімдеу, жеңілдікті декларациялау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері автоматтандырылған жүйе арқылы анықталады. 1 қыркүйектен бастап барлық электронды кеден қызметтері «бір терезе» жүйесі арқылы көрсетіледі. Жыл соңына дейін кедендік тексеру үдерісін толығымен қамтитын электронды жүйе іске қосылады.

Мемлекеттік кеден комитетіне, Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігіне және Қаржы министрлігіне кеден қызметтерін толық цифрландыру тапсырылды.

Сондай-ақ, қызметкерлерді ашық конкурс негізінде жұмысқа қабылдау, ротациялау, кірістері мен мүліктерін декларациялау тапсырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қызметкерлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аудару қажет. Сондықтан енді кеден қызметкерлерінің жұмысына қарай оларға қосымша үстемақы төленетін болды. Шалғайдағы және қиын қызметте істейтіндерге де қаржылай қолдау көрсетіледі.

Кеден қызметкері контрабанда немесе басқа да заң бұзушылықтарды анықтаса, оған сыйақы беріледі. Арнайы атақ үшін сыйақылар мөлшері көбейтіледі.

Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына да ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, шалғайда жұмыс істейтін қызметкерлерге қызмет көрсету үйлері салынып, жеңілдетілген ипотекалық несие берілмек. Кеденшілер мен олардың балалары үшін жоғары оқу орындарына кіруге арнайы квота бөлінеді.

Президент бұл салаға әйелдерді тартудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында контрабандаға қарсы күрестің нәтижелері де сараланды. Биылғы жылы республикаға 364 келі есірткі, 88 мың психотроптық өнім және 181 миллиард сумдық заңсыз тауардың кіруіне тосқауыл қойылды.

Бұл саланың мүмкіндіктерін кеңейту үшін кеден бекеттерін 3D-сканер, рентген, бейнебақылау, сервер, көлік таразылары сияқты заманауи құрылғылармен жабдықтау міндеті қойылды.

Биылғы жылы Самарқанд, Ташкент, Ферғана және Терміз халықаралық әуежайларына басқа әуежайларда «кедендік бақылау» режимін орнату тапсырылды.

Кеден жүйесіндегі кадрларды даярлау мен қайта даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Ол үшін Кеден институтын түбегейлі өзгертіп, шет тілдерін, ақпараттық технологияларды, метрология мен стандарттарды, бақылау жабдықтарын бақылауды түбегейлі оқыту қажет. Дүниежүзілік кеден ұйымымен бірлесе отырып, кадрлардың біліктілігін арттыру, озық халықаралық тәжірибені зерделеу және қолдану жөнінде тапсырмалар берілді.