Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Жарлығымен 426 азаматқа рақымшылық жасалды
20:58 / 2024-04-08

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қасиетті Рамазан айт мерекесі қарсаңында халқымыздың ізгілік, төзімділік, адамгершілік, мейірімділік пен кешірімділік сынды асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған қылмысына шын өкінетін және тузелу жолына бел буған бір топ азаматтарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабының 23-тармағына сәйкес жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын жүректен өкініп, түзелу жолына табанды түрде кіріскен 426 адамға рақымшылық жасалды.

Рақымшылыққа ілінгендердің 135-і негізгі жазадан толық босатылды, 200-і жазасын өтеуге дейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 26-ы бас бостандығынан айыру жазасы жеңіл жазаға ауыстырылды. Сондай-ақ 65 азаматтың бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі қысқартылды.

Рақымшылық жасалғандардың 11-і шетел азаматтары, 50-і әйелдер, 13-і 60-тан асқан ер адамдар, 157-сі жастар (3-еуі кәмелетке толмағандар), 5-еуі тыйым салынған ұйымдардың әрекетінде қатысқан адамдар.

Жарлықтың орындалуына қатысты рақымшылық жасалған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.