Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 31 жыл толуына орай мемлекет жүргізіп отырған гуманитарлық саясаттың іс жүзіндегі дәлелі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінген және түзеу жолына табанды түрде әрекет еткен бір топ азаматтарды кешіру туралы», - Жарлыққа қол қойды.
Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабы, 23-тармағына сәйкес жасаған қылмыстары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және пробация органдарында жазасын өтеп жатқан, жасаған әрекетіне шын жүректен өкініп, түзеу жолына табанды түрде әрекет еткен 334 азаматқа кешірім жасалды.
Рақымшылық жасалған азаматтардың 34-і негізгі жазадан толық босатылса, 249-ы жазасын өтеуге дейін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. 6 тұлғаның бас бостандығынан айыру жазасы жеңілірек жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ 45 адам бас бостандығынан айыру жазасы қысқартылды.
Рақымшылық жасалғандардың 18-і шетел азаматтары, 23-і әйелдер, 15-і 60 жастан асқандар, 88-і тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқандар.
Жарлықтың орындалуына байланысты рақымшылық жасалған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.