French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Жаңа Ташкент қаласы жобасының құрылысы бойынша таныстырылымға қатысты
21:54 / 2023-04-04

Президент Шавкат Мирзиёев Жаңа Ташкент қаласы жобасының тұжырымдамасы мен елордадағы құрылыс жұмыстары бойынша таныстырылымға қатысты.

Мемлекет басшысы 18 наурызда Жаңа Ташкент қаласы жобасының ірге тасын қалаған болатын. Бүгінгі презентацияда оның алғашқы кезеңдегі мәселелері талқыланды.

Бұл кезеңде 60 мың тұрғынға арналған көпқабатты үйлер, мемлекеттік мекемелерге арналған әкімшілік ғимараттар, саябақтар, әлеуметтік-экономикалық нысандар салу жоспарланған. Бұларды жобалау және барлық жұмыстарды үйлестіру үшін дирекция құрылды. Шетелдік мегаполистердегі урбанизация және құрылыс тәжірибесі зерттелді.

Осыған сәйкес Жаңа Ташкентті 5 негіз бойынша құру көзделген: экономика, білім, денсаулық және мәдениет. Бұлардың әрқайсысы жүйедегі буындар мен бағынышты ұйымдарды қамтиды.

Презентацияда құрылыс үдерістің «жол картасы» туралы да ақпарат берілді. Әрине, мұндай алып жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс ең алдымен инфрақұрылымды құрудан басталады. Атап өткендей, мұнда заманауи урбанизация тәсілдері, «ақылды» технологиялар қолданылады. Мәселен, «үш-генерация» станциясы салынып, электр қуаты да өндіріледі, ғимараттар қыста жылытылады, жазда салқындатылады. Барлық электр, байланыс желілері, газ, су құбырлары жер астынан тартылады.

Қалада инфрақұрылым, тұрмыс пен экология теңдестірілген болады. «Ташкенттің жасыл белдеуі» жобасы осы жерден басталады. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің еркін жүруіне қолайлы жағдай жасалады. Осы мақсатта автокөліктерге арналған жерасты тұрақтары, 14 заманауи тоннель, Шыршық және Қарасу өзендері арқылы өтетін 7 көпір салынады.

Мемлекет басшысы болашақ қалада «адам капиталы» қағидатын орнықтыру, түрлі жастағы адамдардың мұң-мұқтажын ескеріп, барлық қолайлылықтарды жасау қажеттігін баса айтты. Нысандарды пайдалану мен тасымалдауға ыңғайлы орналастыру, жасыл желектердің көп болуына баса назар аудару қажеттігін айтты.

Презентацияда тағы бір жоба Ташкент жер үсті метрополитенінің астынғы бөлігінде сауда және қызмет көрсету орындарын орналастыру туралы болды. Атап айтқанда, бұл көлік нысанының «Яшнабад» ауданындағы бөлігінде 4 шақырым бос орын бар. Онда жасыл алаң, автотұрақ, воркаут алаңдары, сауда және техникалық қызмет көрсету станциялары салынуы мүмкін. Осы орайда Берлин қаласының тәжірибесі зерттелген.

Бұл аумақтарды лоттарға бөлу арқылы жалға беру, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындарға қосымша қолайлылық жасау жөнінде тапсырма берілді.