Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Ферғанаға жасаған сапар аясында «Uz-Segang» кәсіпорнының жұмысымен танысты
19:44 / 2020-06-05

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, экспорттық бағытта жұмыс жасайтын атаулы зауыт жылына 16 мың тонна өнім экспорттау қуатына ие


Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған сапар аясында «Uz-Segang» кәсіпорнындағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі. 

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, экспорттық бағытта жұмыс жасайтын атаулы зауыт жылына 16 мың тонна өнім экспорттау қуатына ие болып, мұнда 100 миллиард сум қаржыға логистикалық орталық құрылған.

Италия, Түркия, Оңтүстік Корея және Қытай елінің озық технологияларынан жабдықталған осы орталықта биыл Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Ресей, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттерге 20 миллион долларлық өнім, экспортталады деген жоспар үстінде қызу жұмыстар атқарылуда.

Құрамында 250 жас жігіт-қыздар жұмыс істейтін ЖШС компанияның жұмысымен танысқан Президент, кәсіпорынды тұрақты шикізатпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды және аудандағы жеміс бауларын біріктіру арқылы компания құрамында зертхана құру керектігі жөнінде тапсырма берді.