Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 мамырда Самарқанд қаласында өткен Еуропалық қайта құру және даму банкі директорлар кеңесінің 32-ші жыл сайынғы отырысына қатысты.
Мемлекет басшысы жиынның жалпы отырысында сөз сөйледі.


– Еуропалық қайта құру және даму банкі Директорлар кеңесінің биылғы отырысының көне әрі әсем қала Самарқандта өтіп жатқанын елімізге, реформаларға деген жоғары сенім көрінісі ретінде қабылдаймыз, – деді Шавкат Мирзиёев.
ЕҚДБ-ның мұндай отырысы елімізде осыдан 20 жыл бұрын өткен болатын. Содан бері Өзбекстан көп өзгергені, экономика ырықтандырылғаны, барлық салаларда ауқымды реформалар басталып, дәйекті түрде жүзеге асырылуда.


Осы реформалар бағдарламасын жүзеге асыруда Еуропа қайта құру және даму банкі Өзбекстанның стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Оның еліміздегі жобалар портфелі 4 миллиард еуродан асқан. Соның қатарында кейінгі төрт жылда 3,3 миллиард еуроны құрайтын жобалар іске қосылды.
Өткен жылдың соңына қарай Өзбекстан банктің негізгі бес серіктесінің қатарына енді. Жылдық инвестиция көлемі бойынша Орталық Азиядағы ең ірі іскер серіктес болып табылады.


Мемлекет басшысы халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына тоқталды.
Жекешелендіруге және жеке секторға кең жағдай жасау, инфрақұрылым, медицина, білім, көлік, экология сияқты салалардағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын кеңейту, «жасыл экономиканы», әсіресе «жасыл энергетиканы» қарқынды дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі қолдау, оның ішінде жаңа агротехнологияларды енгізу, суды үнемдеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету солар қатарында.


Мемлекет басшысы аталған салаларда банкпен бірлесе отырып, жаңа жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылатынын хабарлады. Сондай-ақ банкті көршілес елдермен ынтымақтастықтың өңірлік жобаларына қатысуға шақырды.
– Бүгінгі халықаралық конференция Еуропалық қайта құру және даму банкі мен еліміздің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға тарихи мүмкіндік туғызады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Жиын аясында Өзбекстанның инвестициялық презентациясы өтіп, бизнес саласында қандай үлкен мүмкіндіктер бар екені көрсетілді. Сонымен қатар, конференция сессияларында денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым, көлік және энергетика салаларындағы 40-тан астам ірі жеке серіктестік жобалары таныстырылады.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Самарқанд саммиті 18 мамырда аяқталады.