23 сәуірде Президент Шавкат Мирзияев «Аймақтық электр желілері» АҚ электр энергиясын есепке алуды автоматтандыру орталығының қызметімен танысты.
Бұл инновациялық орталық тұтынушыларға заманауи қызмет көрсету үшін құрылған болып, ол 20 млн доллар тұратын жоба Оңтүстік Кореяның «KT Corporation» серіктестікте салынды және 2020 жылдың тамызында іске қосылды. Орталық сыйымдылығы жоғары серверлермен жабдықталған. Бағдарламалық жасақтама 8 млн тұтынушыға қызмет көрсете алады. Осы модульді кеңейту арқылы көрсеткішті 20 миллионға дейін ұлғайтуға болады.
Бүгінгі таңда ел аумағында электр тогын есептейтін электронды есептегіштер орнатылуда. Қазіргі кезде олардың саны 6 млн 578 мыңды құрауда.
- Электрондық есептегіштерді орнату оңай, бұл бірінші қадам. Ең қиыны енді басталады. Өңірлерде, шалғай ауылдарда есептегіш құралдарын басқаратын мамандар жеткілікті ме? Екіншіден, жүйе сыртқы әсерлерге қаншалықты төзімді? Үшіншіден, кейіннен желінің ескіруіне байланысты туындаған жағдайлар есепке алынды ма? Бұл қазір ойланатын мәселе. Кірістердің белгілі бір пайызын ғылым мен модернизацияға бағыттау қажет, - деді Шавкат Мирзияев.
Электрондық есептегіштер биллинг жүйесіне қосылған болып, қарызы бар тұтынушылар желіден автоматты түрде ажыратылады және төлем жасағаннан кейін қайта қосылады. Бұл процесте адам факторы азайып, заңсыз байланыстар мен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Орталықта 100-ден астам білікті маман жұмыс істеуде.
Мемлекет басшысы олармен сөйлесіп, CAS бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты.
Бұл жүйеде барлық электр станцияларының, подстанциялардың, трансформаторлардың жүктемесі және оған қосылған тұтынушылар саны геолокация арқылы айқын көрінеді. Әр аймаққа бекітілген мамандар тұтынушыларға қажет болған жағдайда жедел қызмет көрсете отырып, бүкіл елдегі жағдайды онлайн режимінде бақылай алады.