Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент елдегі көлеңкелі экономиканы қысқарту мен жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізді
21:00 / 2020-07-27

Жиында Халықаралық ұйымдардың сарапшыларын тарта отырып, көлеңкелі экономиканы төмендету стратегиясын әзірлеу тапсырылды


27 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылауға арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейі жоғары болғандығы себепті соңғы жылдары қосымша бизнес нысандарын құру арқылы көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, валюта нарығы ырықтандырылды, жаңа салық жүйесі енгізілді, рұқсат беру және лицензиялаудың 100-ге жуық ережелері қысқартылды. Нәтижесінде, бейресми сектордың өнеркәсіптегі үлесі соңғы 5 жылдағы 20% -дан 6% -ға дейін төмендеді.

Бүгінгі жиында бұл нәтиже әліде жеткіліксіз екендігі айтылып, осы саладағы атқарылар жұмыстар жөнінде маңызды мәселелер талқыланды. Халықаралық ұйымдардың сарапшыларын тарта отырып, көлеңкелі экономиканы төмендету стратегиясын әзірлеу тапсырылды.

Мемлект басшысы мұндай нәзік мәселеде өте сақ болу қажет екендігін айтып, экономикалық белсенділікке ол кері әсер етпеу керектігі ол үшін мемлекеттік органдар, бизнес және қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін жеткізді.

Осы жағдайға байланысты алдағы уақытта әрбір инвестициялық жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жоспарлануда. 2021 жылдан бастап бұл жүйе орталықтандырылған қорлармен қаржыландырылатын барлық жобаларға қолданылатын болды.

Сонымен қатар мемлекеттік органдарда, кәсіпорындар және өңірлерде сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы бағалау әдістемесін әзірлеу жоспарлануда. 2021 жылдан бастап осы рейтингтің нәтижелері жарияланады, соның негізінде барлық көшбасшылардың жеке жауапкершілігі бағаланады.

Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық әкімшілендіруді оңайлату, кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мен лицензиялау кезініндегі шектеулерді одан әрі азайту қажеттігін айтты.

Мысалы ретінде айтар болсақ, 100 лицензия мен 34 рұқсатнама санын қысқартып, жәй ғана хабарландыру жүйесіне көшу. 14 құжатты тапсыру уақытын 2 есе қысқарту мүмкіндігі мен кәсіпкерлер жылына 125 миллиард сум үнемдеуге мүмкіндік алады.

Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрестегі негізгі күш бизнес пен қоғам болып табылады. Сондықтан қоғамда осы зұлымдықтарға деген жеккөрушілік сезімін қалыптастыру, олардың жағымсыз салдарын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жариялау маңызды екендігі айтылды.