Президент елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі тетіктерін анықтауға арналған кеңес өткізді
Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы экономикада жаңа тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы өсуді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып оған 8 негізгі бағытты көрсетті
9 маусымда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев ұлттық экономика тұрақтылығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Коронавирустық пандемия бүкіл әлемдік елдердің экономикасына айтарлықтай әсер етуде. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, 2020 жылда дүниежүзілік ЖІӨ 5,2 пайызға, АҚШ 6,1 пайызға, Ресейде 6 пайызға, Еуропалық Одақ 9,1 пайызға төмендейді деп күтілуде. Соның ішінде Қытайда экономикалық өсім 1 пайызға, Өзбекстанда 1,5 пайызға болады деп болжам жасалған.
Бүгінге дейін Өзбекстанда коронавирустың әсерін азайту мақсатында экономикалық салаға 2,3 триллион сум салық жеңілдіктері берілген болса, Дағдарысқа қарсы қордан 3,6 триллион сум бөлінді.
Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы экономикада жаңа тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы өсуді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып оған 8 негізгі бағытты көрсетті.
- Бірінші – экономика және бюджет тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Екінші - кедейлікті азайту және халықты жұмыспен қамтуды арттыру;
- Үшінші - банк жүйесіндегі реформаларды жеделдету;
- Төртінші- тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайту;
- Бесінші - экспорттық әлеуетті арттыру және валюта түсімін қамтамасыз ету;
- Алтыншы - саладағы бәсекеге қабілеттілікті нығайту;
- Жетінші - шағын бизнесті дамыту;
- Сегізінші - барлық салаларда цифрлық технологияларды кеңінен пайдалануға басымдық беріледі.
Осы белгіленген міндеттерге байланысты Мемлекет басшысы Қытай тәжірибесіне сүйене отырып, елдегі кедейлік деңгейі жоғары аймақтарда министрліктер мен ведомстволарды біріктіру арқылы, мұқтаждарға көмек көрсету жүйесін құру, отбасылық бизнесті дамытуды тапсырып, мемлекеттік грант есебінен оқитын студенттерді 3 жылға осындай салаларда жұмыс істеуге жіберу ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар химия, тоқыма, құрылыс материалдары, автокөлік өндірісі, электр және тамақ өнеркәсібіне ерекше назар аудару, мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау процесін жеделдету туралы нұсқаулар берілді.
