Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьерде бастаған делегацияны қабылдады
21:03 / 2021-05-18

18 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев жұмыс сапарымен Өзбекстанда болып тұрған Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьерде бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде тараптар Өзбекстан мен Дүниежүзілік Банк тобы арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелерін, елгдегі және жалпы өңірде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін практикалық ынтымақтастық деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы кездесуде Анна Бьерденді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады және оған сәттілік тіледі.

Банктің жан-жақты қолдауымен Өзбекстанда нарықтық реформалар мен әлеуметтік жаңару бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатындығы атап өтілді.

Дүниежүзілік банк тобының қатысуымен жобаларды ілгерілетудің нақты шаралары бар «жол картасы» жүзеге асырылуда. «Мемлекет платформасы» жүйесі енгізілді.

Жобалардың жалпы портфелі 7 миллиард долларға бағаланған. Қазіргі бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да көптеген салаларды қамтитын жалпы құны 4,1 миллиард долларды құрайтын 23 жобаны қамтиды.

Дүниежүзілік банк алғашқылардың бірі болып пандемияның зардаптарын жеңуге көмектесті. Өткен жылдың өзінде құны 1,6 миллиард доллар болатын жаңа жобалар мақұлданды.

Делегацияның осы сапар барысында Өзбекстанда сумен жабдықтау жүйесін жақсарту және инновация саласындағы ұлттық саясатты қолдау бойынша шамамен 300 миллион долларлық жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды.

Бүгінгі кездесуде Өзбекстанның Дүниежүзілік банкімен жаңа бес жылдық серіктестік бағдарламасын мұқият дайындап, қабылдау туралы келісілді.

Анна Бьерде Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы экономикалық және әлеуметтік реформаларды жоғары бағалайтынын және оларды жүзеге асыруға қажетті көмек көрсететіндігін айтты.

Дүниежүзілік банкпен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін Өзбекстан Президенті ұсынған жаңа күн тәртібі толық қолдау тапты.

Атап айтқанда, күн тәртібіне серіктестіктің келесі бағыттары орын алған:

- елдегі кедейлікті төмендетуге бағытталған реформаларды, әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін ынталандыру арқылы қолдау;

- айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу және көрсетілетін қызметтердің сапасын түбегейлі жақсарту мақсатында жоғары білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы инновациялардың тиімділігін арттыру;

- республика аймақтарының үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және орта қалаларды дамыту жобасын жалғастыру;

- дамудың инновациялық моделіне көшу, «жасыл экономиканы» енгізу;

- жер қатынастары саласындағы реформаларды жалғастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік даму институттарының әлеуетін арттыру;

- ірі аймақтық инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жылжыту.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың жоғары қарқынын жалғастыру, Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағдарламалары мен жобаларын дайындауды және іске асыруды жеделдету мақсатында тұрақты диалог пен жемісті алмасуларды жалғастыру туралы уағдаласты.