Бүгін, 12 мамырда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен макроэкономикалық жағдай, бірінші жартыжылдықтағы аймақтар мен секторлардағы экономикалық өсудің басымдықтары туралы бейнеконференциялы жиын өтуде.
Мемлекет басшысы жиында пандемиядан туындаған ахуал Бүкіл әлемдік экономиканы қиын жағдайға соқтырғанын айта отырып, Өзбекстанда экономиканы пандемияға дейінгі қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Күрделі пандемия жағдайында экономикалық секторлар мен кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау нәтижесінде экономикалық тұрақтылықты, өндірістік деңгей мен жұмыс орындары сақталып қалғаны жайлы айтылды.
Атап айтқанда, бірінші тоқсанда ЖІӨ 3 пайызға, өнеркәсіп 3,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 3,1 пайызға өсті. Мемлекеттік бюджеттің кірістері болжаммен салыстырғанда 1,9 трлн сумға (5,7 пайызға), оның ішінде салық түсімдері 1,5 трлн сумға (6,1 пайызға) өскен.
Жыл басынан бергі қаңтар-сәуір айларында экспорт 3,2 млрд долларды құрады (болжамнан 17 пайзға жоғары).
Десе де, биылғы жоспарланған 5,1 пайыздық экономикалық өсу қарқыны аймақтық және салалық әлеуеттен әлдеқайда төмен екені белгілі болды.
- Біз көп есептік талдаулар жасадық, қолайлық жасадық, қаржыландырдық, шешімдер қабылдадық. Егер барлық жауапты адамдар осы шешімдерді орындағанда, экономикалық өсім басқаша болар еді», - деді Президент.
Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасарларына, министрлерге, облыстардың, аудандар мен қалалардың әкімдеріне, сектор басшыларына қосымша резервтер табуды және оларды бірінші жартыжылдықта ІЖӨ өсімі кем дегенде 6 пайызды құрайтындай етіп іс жүзінде қолдануды тапсырды.