Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бокс бойынша Азия чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізген Өзбекстан ұлттық құрамасын құттықтады.
«24-31 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында Сіздер Отанымыз намысын лайықты қорғап, ержүрек өзбек балаларының ұлы істерге қабілетті екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдедіңіз.
Сіздердің осынау жеңісіңіз және оның факторлары туралы айта отырып, елімізде соңғы жылдары дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта кеткен жөн.
Осыдан бес жыл бұрын Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстаннан былғары қолғап шеберлері әлемдегі ең мықты және жетекші бокс командаларының қатарына көтерілгеніне мақтанамыз.
Азия чемпионатындағы керемет жеңісіңіз біздің ең ұлы және қымбат мерекемізге - тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына лайықты сыйлық болды.
Сіздер осы жеңіспен халыққа жоғары көңіл-күй мен үлкен қуаныш сыйладыңыз.
Мұндай жетістіктердің негізінде тәжірибелі жаттықтырушылар мен федерация қызметкерлерінің қажымас қайраткерлігі, құрметті азаматтарымыздың жылдар бойғы ұлы және баға жетпес мұрасы, халқымыздың және ата-аналардың дұғасымен орындалып жатыр десек қателеспейтін шығармыз.
Сіздерге осындай үлкен жеңістер мен алдағы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында сәттілік тілеймін!
Әлемдік спорт ареналарында Отанымыз туын биіктерге көтеруде, оның даңқын асқақтату жолында барлығыңызға мықты денсаулық, күш-қуат және жаңа жеңістер тілеймін.»