Президент ауылды көркейту бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайтпақ
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев елдегі ауылды жерлерді көркейту бағдарламаларын қаржыландыру көзін ұлғайтуға ниетті. Нақты сандар бүгін бейнеконференция түрінде өтетін жиында белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл бірнеше млрд доллар болуы мүмкін екені айтылған.
Осы бағдарламалар аясында, 3 мың шақырымға жуық ішкі жолдарды жөндеуге және 4 мың шақырым ауыз су желілерін салуға қаражат бөлінеді және 60 пайыз аудандарда электрмен жабдықтауды жақсарту мақсатында 15 мың км электр жеткізу желілері және 4 мыңнан астам трансформаторлар жаңартылады.
Соңғы бірнеше жылда мұндай көлемді жұмыс Өзбекстанда жасалмаған.