Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент ауыл шаруашылығы техникасын жасау кластерінің таныстырылымына қатысты
00:12 / 2022-04-15

14 сәуірде Президент Шавкат Мирзияев ауыл шаруашылығы техникасын жасау кластерін дамыту жоспарының таныстырылымына қатысты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 шілдедегі жарлығына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасын өндіру мен сатып алуды мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесі құрылған еді. Бұл өз жемісін беріп, шаруалар өнімді техникаға ие болуда. Атап айтсақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана 1600 техникаға 23 миллиард сум бөлінді.

Жаңғырту нәтижесінде 2021 жылы тракторлардың құны 4600 долларға төмендеген. Бұл ретте бұрын рентабельді емес желілік кәсіпорындар пайда көре бастады.

Саланы өнеркәсіптік кластер түрінде дамыту мақсатында Шыршық қаласында ауыл шаруашылығы техникасының кластері құрылуда. Бүгінде ол жерге бұрынғы «Технолог» және «Агрегат» зауыттарының жабдықтары толығымен көшірілді.

Бүгінгі презентацияда осындай жұмыстар мен алдағы жоспарлар легі талқыланды.

– Ауыл шаруашылығы техникасы – үлкен әрі маңызды сала. Бұл жоғары өнімділік, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселесі. Заманауи құрал-жабдықтардың өндірісін меңгеру, сапа мен қызмет көрсету бағытында әлі де атқарылатын істер көп, – деді Шавкат Мирзияев.

Бұл жұмысты жүйелі жүргізу үшін Премьер-Министрдің басшылығымен ауыл шаруашылығы техникасы бойынша комиссия құрылылатын болды.

Ең алдымен, Шыршықтағы кластерге берілген қуат негізінде ауыл шаруашылығы егіндігіне қажет техниканы шығаруды қолға алу керектігі айтылды. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтарынан Ташкент трактор зауытын көшіріп, кластерді іске қосу жоспарлануда. Оған дейін агрокластерлер мен шаруалардың сұранысын зерттеп, нақты тапсырыстарды қалыптастыру маңыздылығы айтылды.

Бүгінгі таңда лазерлік нивелирлеу әдістеріне сұраныс жоғары. Сондықтан шенеуніктерге мұндай қондырғыларды шығаруды жолға қою тапсырылды. Ескірген тракторлардан мүлдем бас тартылып, жаңа ұлттық трактор үлгісін жасау жөнінде тапсырма берілді.

Мақтаны комбайнда теру биыл 35 пайызға, 2023 жылы 50 пайызға жететкізу керектігі сөз болды.

Жыл соңына дейін Әндіжанда металл құю зауытын іске қосып, құрамдас бөліктердің 90 түрін локализациялау арқылы жабдықтың құнын кем дегенде 12 пайызға арзандатуға болатыны айтылды.

Шаруаларды ойландыратын тағы бір мәселе – техника бұзылғанда, қосалқы бөлшек табу және жөндеу. Осы орайда Президент машина жасау саласында сауда мен қызмет көрсетудің интеграцияланған жүйесін құру, 14 облыста сервистік орталықтар мен 100 мобильді топ құру қажеттігін айтты.

Жаңа техникалар, жалпы ауыл шаруашылығын механикаландыруға мамандар даярлау бойынша да міндеттер қойылды.