English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент АҚШ делегациясын қабылдады
18:20 / 2023-10-23

23 қазан күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев USAID әкімшісі Саманта Пауэр бастаған делегацияны қабылдады.

Делегация Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың даму мәселелері бойынша министрлер деңгейіндегі кездесуге қатысу үшін Өзбекстанға келді.

Сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, Өзбекстанда USAID-пен бірлесіп денсаулық сақтау, білім беру, «жасыл» энергетика, агробизнес және басқа салаларда бірқатар жобалар жүзеге асырылып, жалғасуда.

Сұхбат барысында осы жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында өткен мемлекет басшыларының «С5+1» форматындағы саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасылды.