French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент актілері мен тапсырмаларын орындаудың жаңа жүйесі енгізіледі
22:40 / 2021-01-18

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2020 жылдың 29 желтоқсанындағы Жолдауында реформалардың орындалуын әрбір адам өз өмірінде сезінуі үшін құжаттарды уақтылы және тиімді орындау қажет екенін айтқанн болатын. Осыған орай, Әділет министрлігіне қабылданған құжаттарды жауапты жандарға жеткізу, оларды іс жүзінде қолдануға көмектесу және бақылау бойынша жаңа жүйені енгізу міндеті жүктетілгені бар.

Мемлекет басшысының төрағалығында өткен бүгінгі кеңесте қазіргі ахуалды талдау және халықаралық тәжірибеге негізделген тиімді атқарушы жүйені құру бойынша ұсыныстар қаралды.

Соңғы 4 жылда 2 мыңға жуық жарлықтар мен шешімдер қабылданған болса да, облыстар мен ұйымдарда олардың орындалуы қанағаттанарлықсыз болған.

Жиында бұдан бөлек, коронавирустық пандемиясы және бірқатар салаларда күзгі-қысқы маусымға дайындық жағы проблемалы екенін көрсетілді. Жоғары білім беру, көлік, су шаруашылығы және мемлекеттік меншікті басқару саласындағы реформалар күткен нәтиже бермей тұр. Сол себепті аталған секторлардың басшылары қызметінен босатылды. Бірқатар министрлер мен орынбасарларының жұмысы қанағаттанарлықсыз деп бағаланып, оларға тәртіптік жаза қолданылды.

- Атқарушы жүйедегі ең үлкен проблема - бұл дүниетанымның өзгермегені мен білімсіздік және жауапсыздықтан, - деді Мемлекет басшысы.

Отырыста 4 сатылы тиімді енгізу жүйесін құру бойынша шаралар талқыланды. Бұл орындауды жоба кезеңінде жоспарлау, ұйымдастыру және қолдау, бағалау мен оны бақылаудан тұрады.

Құжаттарды іс жүзінде қолдануды жеңілдету үшін әділет министрінің орынбасарлары орталық кеңселерге біріктіріледі. Орта және төменгі деңгейдегі кадрларды әрбір салаға қатысты қаулы бойынша оқыту ұйымдастырылады. Қабылданған шешімдерді кәсіпкерлер мен азаматтарға түсіндіру Әділет министрлігінің облыстық басқармаларының, қалалық және аудандық бөлімдерінің басшыларына жүктеледі.