Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Презеидент 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады
01:30 / 2022-08-11

Өзбекстан Республикасы Президентінің 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау туралы жарлығы жарияланды.

Жаңа Өзбекстанның атын бүкіл әлемге тарату мақсатында өзінің жоғары интеллектуалдық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін танытып, Үндістанның Ченнай қаласында өткен 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына сәтті қатысқаны жәнет дүние жүзінен 188 команда арасында жеңіске жеткен,. Республикамызда спортты кеңінен насихаттау, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеуде, ұлттық мақтаныш, батырлық пен отансүйгіштікке тәрбиелеудегі зор қызметтері үшін олимпиада чемпионы деген жоғары құрметпен марапатталсын:

Шахматтан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшелері Абдусаттаров Нодирбек, Вахидов Жахонгир, Вохидов Шамсиддин, Синдаров Джавахир, Якуббоев Нодирбек «Узбекистон ифтихори» (Өзбекстан мақтанышы) құрметті атағымен марапатталды. 

Шахматтан Өзбекстан құрамасының жаттықтырушылары Владимир Егин, Иван Соколов «Узбекистон Республикасида хизмат курсатган спорт устози» (Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы) құрметті атағымен марапатталды. 

Шахматтан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшелері Бобомуродова Мафтуна, Маликова Маржона, Омонова Умида, Хамдамова Афруза, Якуббоева Нилуфар «Келажак бунёдкори» (Болашақ кемеңгері) құрметті атағымен марапатталды.