Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Премьер-министр анты: Жапония енді ешқашан соғысқа қатыспайды
13:27 / 2020-08-15

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Екінші дүниежүзілік соғыстың капитуляцияның 75 жылдығына арналған шарада Жапония енді ешқашан соғысқа қатыспайтыны жөніндегі антты қайталады


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Екінші дүниежүзілік соғыстың капитуляцияның 75 жылдығына арналған құрбандарды еске алу шарасында Жапония енді ешқашан соғысқа қатыспайтыны жөніндегі антын тағыда қайталады.

Токиодағы «Ниппон будокан» салтанатты залда Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарын еске алу шарасы бір минуттық үнсіздікпен басталып онда сөзге шыққан жапон императоры Нарухито бұл соғыс кезіндегі Токио ұстанған саясаттан қатты өкінетінін мәлімдеді.

«Біз соғыс кезінде қаза болғандарды және олардың отбасыларын еске алып қатты қайғырудамыз. Соғыстың аяқталғанына 75 жыл болды, осы уақытқа дейін азаматтарымыздың күш-жігерінің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп келеміз. Бірақ біз халқымыздың жолындағы қайғылы оқиғаларды еске алғанда, ойлануға негіз туындайды. Соғыстан кейінгі бейбітшілік кезеңін ескере отырып, біз өткен оқиғалардан қатты өкінеміз. Біз соғыс сұмдықтарының қайталанбауын қалаймыз. Біз әлемде бейбітшілік пен еліміздің гүлденуі үшін дұға етеміз», - деді император.

Синдзо Абэ: «Біз бұдан былай соғысқа ешқашан қатыспайтындық туралы антымызды жалғастырамыз» деді ол. Үкімет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болған барлық жапондықтарды еске алып, оның елі «түрлі мәселелерді шешуге бағытталған әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастықты жалғастыруға бел буғанын» атап өтті.