Премьер-Министр Абдулла Арипов Сардобаға барды
Сардоба апатынан кейін үйлері қираған жандарды жаңадан бой көтерген үйлерге орналастыру жобасы бойынша таныстырылым өтті.
Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Сардобадағы жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру мен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін Сырдария облысына барды.
Онда Сардоба, Мырзаабат, Ақалтын аудандарындағы үйлері қираған жандарды жаңадан бой көтерген үйлерге орналастыру жобасы бойынша таныстырылым өтті.


