Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Прагада шерушілер Чехия үкіметінің отставкаға кетуін талап етті
15:18 / 2022-09-04

Сенбі күні Прагада өткен үкіметке қарсы шеру ұйымдастырушылары Петр Фиала басқаратын министрлер кабинетінен 25 қыркүйекке дейін отставкаға кетуді талап етті.

iDnes басылымының мәліметінше, Праганың орталығындағы Вацлав алаңында үкіметке қарсы ауқымды шеру өтті. Акцияның бастамашылары қатарында саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен кәсіподақтар бар.

"Егер үкімет 25 қыркүйекке дейін отставкаға кетпесе, біз 28 қыркүйектегі шеруде күштеп шаралар қолданатынымызды жариялаймыз. Біз қазірдің өзінде кәсіподақтармен, кәсіпкерлермен, фермерлермен және басқа топтармен ереуілге шығу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деген митинг ұйымдастырушылардың бірі Ладислав Врабел.

Наразылықтың тағы бір жетекшісі Йиржи Гавел акцияның мақсатын энергия, әсіресе электр энергиясы мен газ бағасы мәселесін шешу деп атаған. Шараны ұйымдастырушының айтуынша, күзде чех экономикасына жойылу қаупі төніп тұр. Сондай-ақ Гивель премьер-министрдің наразылық білдірушілермен келіссөздерден бас тартқанына шағымданған.