French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Прагада коронавирустық науқастарға арналған алғашқы қонақ үй ашылды
03:55 / 2020-10-19

Чехия астанасы Прага қаласында тек коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын алғашқы қонақ үй ашылды


Чехия астанасы Прага қаласында тек коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын алғашқы қонақ үй ашылды.

Коронавирусқа шалдыққан жандарды ғана қабылдайтын 4 жұлдызды қонақ үй «Czech Inn Hotels» иелігінде болып, ол саяхат кезінде вирус жұқтырған туристерге және үйде отырып өз жақындарына ауру жұқтырудан сақтанатын Прага тұрғындарына арналған.

Бұл қонақ үйден орын алу үшін міндетті түрде Covid-19 індетін жұқтырған болуыңыз керек. Жәй ғана расталмаған күдіктіжағдаймен мұнда қону мүмкін емес.

Қонақ үйдің тәртібі бойынша, клиенттерге қызмет көрсету мүлдем байланыссыз өтеді. Ал жауапты қызметкермен қарым-қатнас арнайы монитор көмегімен жүзеге асырылады. Қолайлық негізінде барлық бөлмелердің кілті есік алдында қалдырылған. Сонымен қатар тамақ пен дәрі-дәрмектерді қашықтан тапсырыс беруге мүмкіндігі жасалып, келген қонақтар дәрігерге бару және өзіне келген хабарламаны алудан сырт бөлмеден шығуына тыйым салынған.

Бөлмені тазалаушылар мен асүй қызметкерлері арнайы қорғаныс киіммен жұмыс істейді. Ем қабылдап сауыққан жандар қонақ үйден кеткеннен кейін оның бөлмесі тәулік бойы бос тұрады және артынша дезинфекцияланады.