Португалиядағы аптап ыстықтан 1000-нан астам адам қаза тапты
Португалияда қатты аптап ыстықтан 1000-нан астам адам қаза тапты.
Reuters-тің мәліметінше, құрғақшылықтан зардап шеккен Португалияда өткен аптада ауа температурасы Цельсий бойынша 40 градустан асқан. Соңғы бірнеше күнде өлім-жітім саны азайғанымен, елдің бас санитарлық дәрігері Грейс Фрейтас бұл сан жылдың осы уақытындағы қалыптыдан жоғары екенін айтты.
Бұған қоса, жоғары температура мен жалғасып келе жатқан құрғақшылық Португалияны орман өртіне айналдырды.
«Португалия - планетаның қатты ыстықтан көбірек зардап шегуі мүмкін аймақтарының бірі. Жоғары температура кезеңіне барынша дайындалу керек», - деп ескерткен ол.
Еске салар болса, соңғы күндері Еуропаның бірнеше елінде ауа-райының жоғары температурасы байқалуда.