Португалия полициясы Роналдуға айыппұл салуы мүмкін
Мадейра полициясы «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың 10 жасар баласы кіші Роналду себеп оған айыппұл салуы мүмкін
Мадейра полициясы «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың 10 жасар баласы кіші Роналду себеп оған айыппұл салуы мүмкін.
Өйткені әлеуметтік желіде кіші Роннидің Мадейра аралында Криштиану Роналдудың туысқандарымен демалыста еркін гидроциклді басқарған видеосы тараған. Негізінде бұл түрдегі су көлігі үлкендерге арнайы лицензия арқылы басқаруға рұқсат етілетін болғандықтан, Мадейра теңіз полициясы осы оқиғаға байланысты заңды түрде тергеуді жүргізетінін мәлімдеген.
Португалия заңына сәйкес, лицензиясыз гидроциклді басқарғаны үшін айыппұл көлемі 300 ден 3000 мың еуроға дейін белгіленген.