Португалия – Ұлттар лигасының алғашқы жеңімпазы
Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» алаңында Португалия мен Голландия арасында финал кездесуі өтті
Кеше түнде Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» алаңында Португалия мен Голландия арасында өткен финал кездесуінде Португалия құрамасы жеңіске жетті.
Криштиану Роналду бастаған Европа чемпиондары кездесудің алғашқы таймында Голландия құрамасының қақпасына гол соға алмады. Финалға дейін тапжылмай келген голландтар матчтың екінші бөлімінде өз қақпасынан гол алып шығуға мәжбүр болды.
Ойындағы жалғыз голды Бернардо Силваның ұзатқан добынан кейін Гонсалу Гедеш голланд қақпашысынан айласын асырып кетті. Осылайша Ұлттар лигасының алғашқы кубогы Португалияға нәсіп етті.
Үшінші орын үшін тартыста Гарет Саугейт шәкірттері ағылшындар пеналтилер сериясында швейцариялықтарды 6:5 есебінде артта қалдырып жеңіске жетті.