Поляк фермерлері Германияға баратын негізгі тас жолды жауып тастады
Польшалық фермерлер ЕО-ның тым шектеуші ережелері мен салықтың көтерілуіне наразылық ретінде Германияға апаратын негізгі тас жолды жауып тастады.
AFP хабарлауынша, неміс шекарасындағы Слубице қаласына жақын жерде А2 тас жолын қоршау жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-де басталған.
Бастапқыда шаруалар 25 күндік қоршау ұйымдастыруды жоспарлағанымен, жергілікті кәсіпорындар, тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізіп, оның мерзімін қысқартты.
Ұйымдастырушылардың бірі Франс Пресс агенттігіне жолды блокададан дүйсенбі, 26 ақпанда алып тастау мүмкін екенін айтқан. «Бұл біз болжай алмайтын нәрселерге байланысты болады. Біз өзімізден шындап кірісуіміз керек», - деген шаруалар өкілі.