Польшадағы шахтада екі метан жарылысы болды
Сәрсенбі күні Польшаның оңтүстік-батысындағы «Пневек» көмір шахтасында екі метан жарылысы болды.
Associated Press дерегінше, жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы 20 адам жараланған.
Зардап шеккендердің көбі денелерін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар арасында құтқарушылар да бар. Одан бөлек тағы жетеуі із-түзсіз жоғалған.
«Пневек» көмір шахтасындағы алғашқы жарылыс шамамен 1000 метр тереңдікте болып, екінші жарылыс үш сағат өткен соң байқалған.
Қайғылы жағдайға байланысты поляк премьер-министрі Матеуш Моравецки оқиға орнына келіп «жаңадан жарылысқа әкелуі мүмкін метанның өте жоғары концентрациясына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылғанын», мәлімдеген.