Польшадағы қару-жарақ зауытында жарылыс болды
Польшаның Скаржиско-Каменна қаласындағы «Mesko» қару-жарақ зауытында жарылыс болды.
Polsat телеарнасының хабарлауынша, жарылыс салдарынан 41 жастағы әйел азамат қаза тапқан.
Польшаның RMF FM радиостанциясының эфирінде айтылған нұсқада жарылыс қауіпті затты тасымалдауға дайындау процесінде болғаны айтылады. Қайтыс болған жұмысшы жаңа кептірілген жарылғыш заттар пакетін алып баражатқан болған.
«Бұл бізге түсініксіз. Бұл үлкен трагедия, біз есеңгіреп қалдық», - дейді кәсіпорын төрағасы Станислав Гловацкий.
Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдай соңғы 30 жылда бірінші рет болып отыр. Полиция қазір жарылыстың мән-жайын анықтауға кіріскен.