English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Польшада қару-жарақ зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
10:46 / 2024-06-11

Польшаның оңтүстігінде күшті жарылыс болып, Mesko қару-жарақ және оқ-дәрі шығаратын зауытта өрт шықты.

TVN24 телеарнасының хабарлауынша, соның салдарынан Варшавадан оңтүстікке қарай 125 шақырым жерде орналасқан Светокшиск воеводствосының Скаржиско-Каменна қаласында 59 жастағы жұмысшы қаза тапты.

Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп, оқиғаның себебі анықталуда. Жарылыс бірнеше жыл бұрын ашылған зымыран отынының орталығында болған. Зауыт директоры Эльзбета Шренявскаяның айтуынша, жарылыс кезінде ғимаратта үш адам болған. Олардың бірі өз бетімен шығып, қалған екеуі жараланып, біреуі қайтыс болды, делінген хабарламада.

Mesko компаниясы, басқа заттардан бөлек, танкке қарсы басқарылатын қару-жарақ пен қысқа қашықтықтағы жылжымалы зениттік-зымырандық кешендерді шығаруға бейімделген.