Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Польшада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
15:20 / 2021-12-29

Польшада коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 794 адам қайтыс болды.

Interfax порталының хабарлауынша, бұл COVID-19 пандемиясының қазіргі төртінші толқыны кезінде елдегі тәуліктік ең жоғары өлім көрсеткіші.

Бұдан бөлек өткен тәулікте Польшада коронавирустың 15,5 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталған.

Польша үкіметінің эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Анджей Хорбан кеше Польшада жақын арада коронавирустық «цунами» болатынын және ауруханаға жатқызылғандар саны 1 миллионға жететінін мәлімдеген.

Our World in Data порталының мәліметінше, қазіргі кезде Польшадағы халықтың 55 пайызы толығымен вакцинацияланған.