Польшада коронавирустың таралуына байланысты жағдай нашарлағанына орай локдаун енгізіледі. Шектеулер 20 наурызда күшіне енетін болады.
Польшаның денсаулық сақтау министрі Адам Недзельскийдің айтуынша, локдаун 20 наурыз бен 9 сәуір аралығында енгізілуі жоспарланған. Оның барысында сауда орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, галереялар және басқа ойын-сауық орындары, бассейндер мен сауналар жабылады.
Бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқу форматына ауысуы қарастырылған.
Министр пандемияға қарсы күрес кезінде қашықтықтан жұмыс істеудің маңыздылығын айтып, жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшіруге шақырды.
Елде COVID-19 індетінің ең кең таралған Варминско-Мазурское, Поморское, Мазовия және Любуское облыстары түрлі уақыттарда локдаун жарияланған.
«Бізде енді аймақтық деңгейде шектеу қою мүмкіндігі жоқ. Жалғыз шешім - бүкіл Польшаға карантин енгізу», - деген министр.