Польша президенті коронавирус жұқтырды
Ол өткен апта Украинаға сапармен барған еді
Польша президенті Анджей Дуда коронавирус жұқтырғаны жайлы оның баспасөз хатшысы Блажей Спихальский «Twitter» парақшасында хабарлаған.
«Ұсыныстарға сәйкес, президент Дуда кеше коронавирустық сынақтан өтті. Ондағ сынақ оң нәтижені көрсетті. Президент өзін жақсы сезінуде. Біз тиісті медициналық қызметтермен үнемі байланыстамыз», деген Блажей Спихальский.
Бұған дейін президент Дуда 11-13 қазанда Украинада болып, онда ел президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын. Ал осы жағдайға байланысты Зеленский: «Анджей Дуда COVID-19 жұқтырғаны өте өкінішті. Мен оған тезірек сауығып кетуін тілеймін», деп жазба қалдырған.