Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Польша Беларусь елімен шекарада қабырға тұрғызбақ
14:14 / 2021-11-15

Польша билігі келесі жылдың бірінші жартысында Беларусьпен шекарада қабырға тұрғызуды жоспарлап отыр.

Польша Ішкі істер министрлігінің басшысы Мариуш Каминьски «Польша радиосы» эфирінде айтқан мәліметке қарағанда Беларусьпен шекарадағы жаңа құрылымның ұзындығы 180 шақырым, биіктігі 5,5 метр болады.

Саясаткердің айтуынша, көрші елмен шекарадағы заңсыз мигранттардың өтуіне байланысты шыққан даудан кейін қазір шекараны төрт мың шекарашы, екі мың полиция қызметкері және поляк армиясының 15 мың сарбазы күзетуде.

Беларусь-Польша шекарасының жалпы ұзындығы 398,6 шақырымды құрайды. 2021 жылдың қарашасында Беларусь-Польша шекарасындағы жағдай Таяу Шығыс пен Африкадан келген заңсыз мигранттар тобының жиналуына байланысты қиындады. Жағдай 8 қарашада ушығып, екі мыңға жуық адам шекараға жиналып өздігінен лагерь құрған. Поляк қауіпсіздік күштері бірнеше серпінді әрекеттің, соның ішінде көзден жас ағызатын газ қолдану арқылы үлкен қауіптің алдын алған болатын.