Польша 20 мыңға жуық тұтқынды босатпақ
Польшада түрмелерде орын тапшылығына байланысты 20 мыңға жуық тұтқынға рақымшылық жасалып, босатылады.
«Жазаны өтеу мекемелеріндегі 20 мың тұтқын мерзімінен бұрын босатылады», - деп мәлімдеген Польша Әділет министрінің орынбасары.
Ол бұл шешімді түрмелердің толып кетуімен түсіндірген. Өйткені бұрынғы билік барлық қылмыскерлерді бас бостандығынан айырумен жазалаған.
Қазіргі уақытта елдегі барлық тұтқындардың шамамен 60 пайызы жеңіл қылмыстар үшін түрмеде отыр, екі жылдан аз мерзімге жазасын өтейді.
Польша Әділет министрлігінің мақсаты – түрмелердегі адамдардың санын 55 мыңға дейін қысқарту (2023 жылы олардың саны 71 874 болған). Бұл арқылы ел Еуропа кеңесінің ұсыныстарына кепілдік бере алады (бір тұтқынға шаққандағы орын 4 шаршы метрден кем болмауы керек).