Піллә жинау науқаны басталды
Өзбекстанда піллә өнімін жылына 4 рет өсіру жолға қойылған.
Бұл жағдай әсіресе Хорезм облысында қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Хорезмде екінші маусымды жинау басталды. Бұл өңірде биылғы жылы піллә өсіру маусымында 5 мың 577 жәшік жібек құрты өсіріліп, 223 тонна піллә шикізатын алу жоспарланған.

Республика бойынша 3-4 маусымда өсірілген піллә өнімін жинау жұмыстары басталып жатыр.