Пәкістанның жауын салдарынан 10 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында соңғы екі күнде жауған жаңбыр салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, провинцияның табиғи апаттарды жою басқармасы қаза тапқандардың арасында сегіз бала мен екі әйелдің бар екенін, тоғыз бала, екі әйел мен бір ер адамның жарақат алғанын хабарлаған.
Провинцияда жұма күні басталған нөсер жаңбырдың салдарынан кем дегенде 27 үй зардап шеккен.