Пәкістанның Лахор қаласында «Өзбекстан сауда үйі» ашылды
Пәкістанның Лахор қаласында «Өзбекстан сауда үйінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы басшылығындағы делегация, Лахор қаласының әкімшілігі және ірі бизнес өкілдері қатысты.
Атап өтілгендей, бұл сауда үйі екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей сауда және ынтымақтастықты жандандыруға қызмет етеді.
Сондай-ақ, биылғы жылдың 25 маусым күні Карачи қаласында Өзбекстан мен Пәкістан кәсіпкерлері арасында бизнес-форум өтетіні хабарланды.
Аталған маңызды іс-шараға өзбекстандық кәсіпкерлер шақырылған. Оларға «Сауданы дамыту компаниясы» АҚ тарапынан ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кәсіпорындары үшін шетелден білікті дизайнерлер, технологтар, маркетологтар, сапа бақылаушылар мен агрономдарды тарту шығындарын өтеу мүмкіндігін пайдалану ұсынылып отыр.