Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне бес жылға саясатпен айналысуға тыйым салынды
Пәкістанның сайлау комиссиясы сейсенбі күні бұрынғы премьер-министр Имран Ханға бес жылға саяси қызметпен айналысуға тыйым салды.
Пәкістан заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адам Сайлау комиссиясы белгілеген мерзім ішінде мемлекеттік қызметке қатыса алмайды.
Өткен аптада Пәкістанның соты Ханды жемқорлық үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Сот үкімі оқылған кезде Ханның өзі сотқа қатысқан жоқ. Сот отырысы аяқталғаннан кейін көп ұзамай полиция экс-премьерді Лахордағы үйінде қамауға алған.