Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі терроризмде айыпталуда
Пәкістан полициясы бұрынғы премьер-министр Имран Ханды терроризмге қарсы заңды бұзды деп айыптады.
Британдық «The Guardian» газетінің хабарлауынша, сенбі күні Исламабадтағы шеруде саясаткер полиция мен сотты қатаң сынға алған.
Басылым дерегінше, бұрынғы премьер-министр әлі бостандықта. Сондай-ақ Ханның жетекшісі болып табылатын «Әділет қозғалысы» оппозициялық партиясының жүздеген белсенділері оның үйін полиция тінтуіне жол бермеу үшін үін қоршап алған.
Бұл айып бойынша Хан бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Саясаткерге бұған дейін де бірнеше рет айып тағылған, содан кейін де бұл оқиға ешқандай келеңсіз салдарға әкелмеген.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 10 сәуірінде Имран Ханға сенімсіздік білдіріліп, Пәкістан премьер-министрі қызметінен босатылған болатын.