Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық «Әділет қозғалысы» партиясының төрағасы Имран Хан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үш жылға сотталды.
Thenews порталының дерегінше, Исламабад соты Пәкістан үкіметінің бұрынғы басшысын жемқорлық үшін кінәлі деп тапты. Іс Тоша ханның мемлекет қазынасындағы 635 мың АҚШ долларын құрайтын құндылықтарды сатуға қатысты.
Сондай-ақ сот оны 100 000 рупий айыппұл төлеуге үкім шығарған.
Сот үкімінен кейін көп ұзамай Хан Лахорда тұтқындалған.
Бұрынғы премьер-министрдің қамауға алынғанын Әділет қозғалысының бас хатшысы Умар Айюб Хан да растағаны айтылады хабарламада.