Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі 10 жылға қамалды
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
ВВС-дің хабарлауынша, 30 қаңтарда Пәкістан соты бұрынғы премьер-министр Имран Ханды мемлекеттік құпияны ашқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Хан Пәкістанның Вашингтондағы елшісінің үкіметке жіберген құпия жеделхатының мазмұнымен бөліскен. Бұрынғы премьер-министрдің партиясы бұл істі қолдан жасалған деп санап, сот үкіміне қарсы шығуды жоспарлап отыр.
2022 жылы премьер-министр қызметінен кетуі тиіс Хан бұған дейін жемқорлық үшін сотталған және үш жылға бас бостандығынан айырылған. Тиісті үкім 2023 жылдың тамызында шығарылды.
Енді жалпы сайлауға бір апта қалғанда Имран Ханға сайлауға қатысуға тыйым салатын жаңа үкім жарияланды. Хан өзіне тағылған айыптардың барлығын «саяси астарлы» деп атайды.