Пәкістандағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті
Пәкістанның оңтүстік-шығысында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам қаза тапты.
«Анадолу» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан кемінде 80 адам жараланған.
Пәкістанның Синд провинциясының Карачи қаласынан 275 шақырым жердегі Навабшах қаласының маңында 10 вагон рельстен шығып кетті. Оқиға орнында құтқару топтары мен әскерилер жұмыс істеп жатыр. Ауданның емдеу мекемелерінде төтенше жағдай жарияланды. Бұл бағытта пойыздар қозғалысы тоқтатылған.
Пойыз апатының себебі әзірге белгісіз.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендердің саны артуы мүмкін, делінген хабарламада.